$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да балабақшадан балалардың өміріне қауіп төндіретін шамдар табылды

Балабақша меңгерушісі жазаланған

ШҚО-да балабақшадан балалардың өміріне қауіп төндіретін шамдар табылды
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы «Дәншік» балабақшасында тексеріс жүргізіп, санитарлық ережелердің өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, құрамында сынап бар 22 шам балаларға қолжетімді жерде сақталған, осылайша бүлдіршіндердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген.

«Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақталмауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкетіп, жою үшін еш шара қабылдамаған. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#балабақша #ШҚО