$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атом саласының болашағына әсер ететін таңдаудың алдында тұрмыз - Сәтқалиев

Ол электр энергиясын өндірудің экологиялвқ тиімділігіне де тоқталды

Атом саласының болашағына әсер ететін таңдаудың алдында тұрмыз - Сәтқалиев
Фото:Azattyq Ruhy

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Әлемдік атом энергетикасын дамыту» пленарлық сессиясы барысында қазір еліміздің алдында үлкен таңдау тұрғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл көрме Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық республикалық референдум өткізу қарсаңында өтіп жатыр. Бүгін бізге атом энергиясын пайдалану саласындағы әлемдік және қазақстандық технологиялармен танысуға бірегей мүмкіндік туып отыр.  Көрмеде көпжылдық жұмыстың нәтижелері ұсынылған. Ұлттық ядролық орталық, ядролық физика институты, ядролық технологиялар паркі және оқу орындары сияқты біздің ғылыми ұйымдарымыз бар»,- дейді Сәтқалиев. 

Оның айтуынша, ядролық технологиялар энергия өндіруде және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

«Экономика дамуын тұрақты энергиясыз қамтамасыз ету мүмкін емес». Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде айтты. «Қазатомэкспо» көрмесі бізге атом энергетикасын дамытудың маңыздылығын және АЭС-тің негізгі энергия көзі ретіндегі қажеттілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті бізге шетелдік әріптестеріміз – ядролық технологияларды әлемдік жеткізушілер ұсынды»,- дейді министр. 

Оның айтуынша, энергиясын өндірудің қоршаған ортаға әсері туралы ұмытпауымыз керек. 

«Соңғы жылдары климаттың өзгеруі жеделдеді және негізгі факторлардың бірі-парниктік газдар. Біздің еліміз 2060 жылға дейін төмен көміртекті даму және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша бірқатар стратегиялық құжаттарды қабылдады»,- дейді ол. 

Министрдің айтуынша, «Жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияларды ұлғайту және көмір генерациясының үлесін кезең-кезеңмен жоспарлы төмендету бойынша мақсаттар қойылды. 

«Бүгін біз атом саласының болашағына ғана емес, Қазақстанның бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуына әсер ететін таңдаудың алдында тұрмыз. Бұл таңдау біздің қазіргі заманның тәуекелдеріне қалай жауап беретінімізді, энергия қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ете алатынымызды және тұрақты базалық генерация мәселесін қалай шеше алатынымызды анықтайды. Біздің әрбір қадамымыз ғылыми дәлелдерге, халықаралық тәжірибеге және тұрақты даму принциптеріне негізделгені маңызды.Бірлескен күш-жігермен біз қоғамымыздың өркендеуіне ықпал ететін сенімді және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ететін оңтайлы шешімдерді таба аламыз»,- дейді Алмасадам Сәтқалиев. 

Серіктес жаңалықтары