26.08.2024, 16:50
Қоғам
Талдықорғанда мүгедектігі бар 261 бала инклюзивті білім алмаған
Алайда, мұғалімдер айлық алып отырған
Фото: istockphoto.com
Жетісу облысында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдықорған қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Прокурорлар стационарлық емделу кезеңінде мүмкіндігі шектеулі 261 баланың инклюзивті білім алмағанын анықтады. Осыған қарамастан мұғалімдерге 2 251 833 теңге төленген.
«Қадағалау актісі бойынша бұрын білім алмаған балалар білім беру процесіне қайта қосылып, қажетті білім алды», - деп хабарлады прокуратура.
Мемлекет кірісіне 2 251 833 теңге өтелді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды