«Шаш бояп, қысқа юбка киюге бола ма»: министр мектеп формасына қатысты жауап берді (ВИДЕО)
Министр оқушылар мектепке сапалы білім алуы үшін келуі керек дейді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп формасына қатысты тәртіпті айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тамыз конференциясының кулуарында министрге мектеп оқушылардың түр-тұлғасы мен киіміне қатысты сұрақтар қойылды.
«Биылдан бастап минтстрліктің қойып отырған талабы - мектептің ішкі тәртібі. Мектеп өзінің негізгі миссиясынан ауытқымауы керек. Олар сапалы білім, саналы тәрбие беруі керек. Мектептің ішкі тәртібінде оқушы үлгерімінің жоғары болуы, оның тәртіпті сақтауы, мектеп формасының қатаң ұстануы бекерден жасалып жатқан жоқ. Әлем жастарынан кем болмауын қамтамасыз ететін жағдайлар. Біздің ата-аналар да, оқушылар да мектептен білімді азамат болуға ұмтылуы керек. Ішкі мектептің тәртібіне бағыну керек»,- дейді министр.
Сондай-ақ ол мектеп формасына қатысты бәрі жазылғанын айтты. Осыған дейін ата-аналар оқушы қыздардың белдемшелері тізеден төмен болуына қатысты петиция жариялаған еді.
«Мектеп формасына қатысты барлық тәртіп сақталуы керек. Онда ұзын белдемшеге қатысты талап та қосылуы мүмкін»,- дейді Бейсембаев.