20.08.2024, 10:00
Қоғам
ШҚО-да терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды
Ол адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған
Фото: Терроризмге қарсы орталық
2024 жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғынның біріне қатысты үкім шығарды. Ол терроризмді насихаттағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», - деп хабарлады ҰҚК.
Үкім заңды күшіне енді.
Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдерге сотталған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды