АЭС-тің салынуы Балқаш көліне кері әсер етпейді - сарапшы

Аягөз Құрмаш

Ол қазіргі реакторлар жайлы айтты

АЭС-тің салынуы Балқаш көліне кері әсер етпейді - сарапшы
Фото: Azattyq Ruhy

Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбеков АЭС салу кезінде Балқаш көліне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарапшы әлем бойынша АЭС-те болған апаттардан кейін ғылыми қауымдастық жұмыс әдісіне қайта қарауды қолға алды.

«Ең басты мәселе - қауіпсіздік. Барлық жағдайлар мен апаттардың салдары ескеріліп, қарастырылды. Бүгін әзірленіп жатқан реакторлар - болашақтың реакторы. Қазақстанда салынуы мүмкін реакторлардың  3+ түрінде белсенді және баяу қауіпсіздік бар. Олар бір-бірін толықтырып отырады»,- дейді Батырбеков.

Оның айтуынша, үшінші ұрпақты қазіргі заманғы талаптарға сай.

«Ол реактор Балқаш көліне әсер етпейді. Су тек конденсат үшін қолданылады. Балқаш көлінен сол үшін су пайдаланылады»,- дейді ол. 

Оның айтуынша, 1950-1960 жылдары салынған алғашқы атом электр станцияларында ең аз қауіпсіздік жүйесі болған.  

«Бұл реакторлардың міндеті атом энергиясын электр энергиясына айналдырудың негізгі мүмкіндігін көрсету болды. Екінші буын станцияларының қауіпсіздік жүйесі – 1970-1980 жылдар», — деп атап өтті Эрлан Батырбеков.

Еске салсақ, Астанада АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау болып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.