Петропавлда пара алды деп айыпталған экс-шенеунік айыппұлмен құтылды

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ оған енді мемлекеттік қызметке жолауға болмайды

Петропавлда пара алды деп айыпталған экс-шенеунік айыппұлмен құтылды
Фото: istockphoto.com

Петропавлда миллион теңге пара алды деп айыпталған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Сырахана ашу үшін көпқабатты нысанның іргетасын бұзған Әділет Мұстафинов сол алған парасын енді 30 еселеп қайтаруға тиіс. Судья кескен айыппұл көлемі осындай. Сондай-ақ оған енді мемлекеттік қызметке жолауға болмайды.

Тергеу мәліметінше, Мұстафинов Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерге ұн жеткізетін кәсіпкерден ауызбастырық сұраған. Сөйтіп миллион теңгені алған соң, антикордың қолына түсіпті. Сот сол ақшаны алуға көмектескен арадағы делдал мен пара берушіге де айыппұл салды.

 «Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал, тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.