Маймыл шешегі Еуропаға жетті - Швецияда бір науқас аурханаға түсті

Темірхан Айжан

ДДҰ Африка құрлығында өршіп тұрған дерттің өзге мемлекеттерге жайылып кету қаупі барын ескерткен

Маймыл шешегі Еуропаға жетті - Швецияда бір науқас аурханаға түсті
Фото: gov.kz

Бұрын маймыл шешегі деп аталған mpox вирусының Еуропадағы алғашқы жағдайы Швецияда тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters - ке сілтеме жасай отырып.

Швед денсаулық сақтау саласының өкілдері mpox вирусын жұқтырған жағыз науқастың Африкаға сапарлағанын айтты. Қазір ол ем алып жатыр.

«Еуропалық континентте вирустың анықталуы mpox-тың әлемге жылдам тарап кетуіне себепкер болады. Швециядағы жағдай Еуропада әлден-ақ ондаған адамның ауруды жұқтырып қойғанын білдіреді», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы, профессор Лоуренс Гостин.

Бұған дейін ДДҰ Африка құрлығының кейбір елдерінде қатты өршіп тұрған mpos вирусын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп хабарлаған болатын.

ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус вирустың өршуін бәсеңдету үшін біріккен халықаралық шара қолдануға шақырған.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі mpos вирусына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.