16.08.2024, 10:10
Қоғам
Маймыл шешегі: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Эндемиялық аймақтар: Африка, Америка және Еуропа
Фото: istockphoto.com
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Конго демократиялық республикасында маймыл шешегінің өршуіне және аурудың көршілес елдерге таралуына байланысты шетелге шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маймыл шешегі – Poxviridae тұқымдасына жататын вирустық ауру. Оның инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге дейін болуы мүмкін. Негізгі клиникалық белгілері: қызба, бөртпе, тамақ ауруы, бас ауруы, бұлшықет және арқа ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда маймыл шешегіне шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. ДСМ:
- ауру адамдармен және ауру жануарлармен (маймылдар, егеуқұйрықтар, тиіндер және басқа да жабайы жануарлар вирус тасымалдаушылары болуы мүмкін) байланыста болмау;
- қорғаныс құралдарын пайдалану. Жануарларға жақындағанда немесе оларға күтім жасағанда, әсіресе, зертханалық жағдайларда, қорғаныс киімдерін, қолғаптарды және маскаларды пайдалану;
- гигиенаны сақтау. Қолды үнемі сабынмен жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану;
- бөртпе, безгек, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болса, диагнозды анықтау және емделу үшін дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертті.
Эндемиялық аймақтар: Африка, Америка және Еуропа.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды