$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс емдету үшін алуға тыйым салмайтын болды

Министрлік азаматтардың пікірін ескерген

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс емдету үшін алуға тыйым салмайтын болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтер үшін алуға тыйым салу бастамасынан бас тартты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында шенеунік соңғы уақытта қазақстандықтар көп талқылаған мәселеге тоқталды.

«Соңғы күндері зейнетақы жинағын стоматологиялық қызмет алу үшін шешіп алу мәселесі қызу талқыланды. Осы орайда бірден түсіндіріп өткім келеді: денсаулық сақтау министрлігі бұл норманың күшін тоқтатқан жоқ. Жай ғана талқылау үшін тоқтатуды көздейтін бұйрық жобасы жарияланған болатын. Алайда азаматтардан түскен өтініштерді ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі отандық стоматологтар қауымдастығымен жаңа механизмдерді пысықтады. Ол жуық арада іске асады. Олар шектеуге емес, стоматологиялық көмекті алу ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді Нұрлыбаев.

Айтуынша, жаңа тетіктер аясында стоматологиялық клиникаға да, осы клиникада тісін емдететін пациентке де қосымша міндеттер жүктелмейді. Бәрі медициналық ақпараттық жүйелерді қолдана отырып автоматтандырылады.

Серіктес жаңалықтары