Қазақстанда салынып жатқан құрылыстардан 65 млрд теңге үнемделді
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады
Қаржылық мониторинг агенттігі мен облыс әкімдерінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде 65 млрд теңге үнемделді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтер анықталды.
«Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексерілуде. Мәселен, елордада магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстары анықталды. Нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді», - дейді ҚМА.
Тағы бір мысал: Ақтөбе қаласының «Парасат» тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу» объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.
Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірі бойынша жалғасады.