16.08.2024, 11:20
Қоғам
COVID-19 Қазақстанда қайта өршіп бара ма – ДСМ ресми мәлімдеме жасады
1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі
Фото: istockphoto.com
2024 жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Елде коронавирус айналымы байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қайтыс болғандар жоқ.
«Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз орталығы.
ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар:
- 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
- Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.
- Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажет.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты