Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі ұсталған сәттегі видеоны жариялады
Ол өзінің ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы жоғын айтты
Айжан Байзақованың інісі блогер Әлихан Байзақов өзін ҰҚК қызметкерлері алып кеткен сәттің видеосын жариялады, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
«Мені ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар және оны қаржыландырды, бопсалады деген күдікпен ұстады. Мен ешкімді бопсаламадым, қылмыстық топқа қатысым жоқ екенін айтқым келеді. 24 жасымда ешкімнің түсіне кірмеген нәрсені көрдім. Бұл маған үлкен сабақ болды, жақындарыма соққы болып тиді. Ешкімге мұндайды тілемеймін», -деп жазды ол.
Байзақов адвокаттарына алғыс білдірген.
Бұған дейін Алматы және Шымкент қалаларында «Дикий Арманның» қылмыстық тобының 15 мүшесі қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болған.
Кейбір ақпарат құралдары олардың ішінде Әлихан Байзаовтың барын жазған. Ол куә ретінде тергеліп, кейін босатылған.
Еске салайық, Қаңтар оқиғасына байланысты Алматы қалалық мәслихаты VII шақырылымының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде ұсталды. «Дикий Арман» сол жылы 7 қаңтарда арнайы операция кезінде қолға түсті.
«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты іс жабық түрде өтіп жатыр.