$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Анонимдікке кепілдік беріледі

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды
Фото: qamqor.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында (Алаяқтық) көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеу салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.

«Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz). Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», - деп жариялады Антикор.

Айта кетері, Азамат Қапенов ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.

Серіктес жаңалықтары