$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына мемлекетаралық іздеу жарияланғанын растады

Кәпеновке қандай айып тағылғаны нақтыланбаған

Антикор Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына мемлекетаралық іздеу жарияланғанын растады
Фото: qamqor.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Кәпеновке мемлекетаралық іздеу салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәпенов Азамат Абайұлы іздестіріліп жатқанын растайды. Іздеу түрі – «мемлекетаралық». Басқа ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Антикор.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кәпеновке Ресейде іздеу салынған болатын.

Айта кетері, Азамат Кәпенов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.

Естеріңізге салайық, Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы бойынша тұтқындалып, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Жуырда ол президенттен рақымшылық сұраған еді, бірақ оның өтініші қанағаттандырылмады.

Серіктес жаңалықтары