15.08.2024, 16:31
Қоғам
Атырау облысының 4 мың тұрғыны 19 млн теңгенің дәрісін алды
Прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқығы қорғалды
Фото: depositphotos.com
Жылыой ауданы прокуратурасы тиісті тегін медициналық көмек ала алмаған 4 054 тұрғынның құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудандық аурухана есебінде тұрған тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған.
«Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», - деп хабарлады прокуратура.
Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды