14.08.2024, 17:22
Қоғам
«Күйеуін өлтіруге тапсырыс берген»: БҚО-да әйелге қатысты іс сотқа жолданды
Киллер де ұсталды
Фото: видеодан скриншот
БҚО Ақсай қаласында күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелге қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атышулы оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Сол кезде БҚО полициясы кісі өлтіру фактісінің алдын алғанын хабарлады. Ақсай тұрғыны күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Әйел көп ұзамай ұсталды.
Құқық қорғау органдары әйелдің бұл әрекетке жұбайымен жылжымайтын мүлікті және балаларды бөліспес үшін барғанын мәлімдеді. Әйелдің туыстары болса, оның күйеуінен үнемі таяқ жегенін, қорыққанын айтады.
Әйел мен киллерге қатысты қылмыстық іс 12 тамызда сотқа жолданды.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды