$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордадағы оқушы қызды мыңға жуық ер адам сатып алған - Дина Таңсәрі

Оның айтуынша, осы іс бойынша күдікке түскен азаматтардың туыстары кешірім сұрауға оқталып отыр

Қызылордадағы оқушы қызды мыңға жуық ер адам сатып алған - Дина Таңсәрі
Фото: freepik.com

«Немолчи. кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрі Қызылорда облысында 8 ай құлдықта болып, жезөкшелікке салынған қызға күдіктілердің туыстары кешірім сұрап келетінін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әпкелері, анасы және туыстарынан құралған бір топ адам кешірім сұрауға келеді.  Қазір үйдің қасында үнемі полиция қызметкері тұрады. Ол тек қыздың қауіпсіздігіне жауап береді. Ал анасын қала таниды. Ол өз өмірі үшін қорқып отыр», - дейді ол.

Дина Таңсәрі атағандай, қыз осыған дейін құлдықта болғанда, олардың туысқандары ата-анасына улы газ жібереміз деп қорқытқан.

«Оларға бұл пәтерде тұрудың өзі қауіп төндіріп отыр. Біз бұл жағдайға дұрыс баға бермей отырмыз. Мыңға жуық клиент, төрт күдікті және олардың ата-аналары бар. «Қыздар.нет» сайтында келген тапсырыстарды күдіктілердің бірінің пәтерінде қабылдатқан. Сондай-ақ олар тапсырыспен сауналарға да апарған », - дейді Таңсәрі.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған.

Серіктес жаңалықтары