$ 488.91  532.62  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2024, 01:25
Қоғам

«Көзімнің тұсы жырылып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды

Тележүргізушінің айтуынша, бортта дәрілік заттар тұрмақ, мұз да болмаған

«Көзімнің тұсы жырылып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды
Фото: Ләйлә Сұлтанқызының Instagram парақшасынан алынған

Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келген Ләйлә Сұлтанқызы борттың ішінде келеңсіз жағдайға тап болған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Тележүргізушінің айтуынша, ұшақ жерге қонған соң, есігі ашылмай жатып, орнынан ерте тұрып кеткен жанындағы жолаушының абайсыздығынан оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.

«Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары