$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2024, 23:17
Қоғам

Ақмола облысында биыл 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

7 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған

Ақмола облысында биыл 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Фото: Талғат Танымбаев, Асылхан Сейдахмет

Қосшыда отбасын қолдау орталығы құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ӨКҚ сілтеме жасап.

2024 жылы бекітілген Өңірлік карта және облысты дамыту жоспары аясында жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде шамамен 26 мың тұрақты жұмыс орны, тағы 6,5 мың уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. 7 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған.

Азаматтар Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында инфрақұрылымдық жобаны іске асыру арқылы жұмысқа орналқан. 

Сонымен қатар, биыл 398 отбасына қандас мәртебесі беріліп, қандастар өңірлік квота арқылы қабылданды. Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2047 балаға қосымша төлем төленген.

Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанынан Степногорск, Қосшы қалаларында, Атбасар, Бурабай, Шортанды және Зеренді аудандарында 6 отбасын қолдау орталығы құрылды.Биыл мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге шамамен 1 млрд 600 млн теңге көзделген.

Айта кетсек, Қосшыда 14 тамыз күні сағат 11:00-де «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға және барлық санаттағы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге әртүрлі қызмет саласындағы жұмыс берушілер қатысады.

Серіктес жаңалықтары