Халықаралық жасыл технологиялар орталығының экс-басшысы Олжас Ағабеков сотталды

Azattyq Rýhy

Ол Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша кінәлі деп танылды

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының экс-басшысы Олжас Ағабеков сотталды
Фото: t.me/EcologyofQazaqstan

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Олжас Ағабеков 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың хабарлауынша, ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырған.

«Көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды», - делінген Антикор хабарламасында.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2 тамызда үкім шығарды.

Ағабеков мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 9 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.