07.08.2024, 17:55
Қоғам
Пәтер жөндеу: шетел азаматы Астана тұрғындарын 11 млн теңгеге алдаған
Ол өзін Қазақстан азаматы ретінде көрсетіп, сенімге кірген
Фото: Астана прокуратурасы
Астанада жөндеу жұмыстары туралы хабарландырулар жариялап, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен ақша алған адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сотталған өзін ҚР азаматы ретінде көрсетіп, қысқа мерзімде жөндеу жүргізуге уәде берген. Жұмыс жасап жатқандай кейіп танытып, алдын ала төлем алған. Ақшаны қалтаға басқан соң, жасырынып қалған», - деп хабарлады прокуратура.
Ол азаматтарға шамамен 11 млн теңге құрайтын шығын келтірілген. Сот үкімімен ол 3 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Астана қаласы прокуратурасы сотталушының қай ел азаматы екенін нақтылаған жоқ. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды