«Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады»: қазнет қолданушылары тойда есерленіп билеген әйелді сынап тастады
Желіде тараған видеоның жазбасында әйелдің 65 жаста екені жазылған
Тойда ерсі әрекеттер жасап, билеген әйелдің әрекеті желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеоның жазбасында әйелдің 65 жаста екені жазылған. Желі қолданушылары бұл жастағы әйелдер осындай әрекетке барып жүрсе, жастардан не күтуге болады деп пікір қалдырған.
Кейбірі анасындай адамды ортаға осындай ойындарға шығаратын асабаларды сынап жатыр.
«Масқара, кәрі түйе ойнақтаса жұт болады дейтін, ақыл айтатын жастағы әженің мынасы несі», «Мына кемпірдің есі дұрыс емес-ау, билесін, таласым жоқ, енді тоңқайып, аяғын көтергені ұят қой, жасы ұлғайған адам, әр нәрсенің орны бар ғой, ерсі екен тіпті, балалары жерге қараған шығар ә?», «Осындайларға штраф салу керек», «Мына кісі мас емес пе? Ұятын-ай , Не Тәрбие Жастарға?», «»Жастарға не деп ренжисің енді» деп пікір қалдырыпты желі қолданушылары.