Иран Беньямин Нетаньяху кеңсесіне шабуыл жасауға уәде берді

Azattyq Rýhy

Иран мен оның одақтастары Израильге қауіп төндіруде

Иран Беньямин Нетаньяху кеңсесіне шабуыл жасауға уәде берді
Фото: IMAGO/ZUMA Wire

Иран Израиль парламенті мен Беньямин Нетаньяху кеңсесіне шабуыл жасауға уәде берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Иран Жерорта теңізіндегі мұнай және газ кен орындары, Израильдің солтүстігіндегі электр станциялары, Иерусалим мен Тель-Авивтегі әскери базалар мен үкіметтік ғимараттар (соның ішінде Кнессет ғимараты, премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесі және Қорғаныс министрлігі), сонымен қатар, үш әуежай мен екі айлақты көздеп отыр», - деп жазды Иран Қарулы күштерінің жаңалықтар порталы Defapress.

Euronews хабарлауынша, Израильге зымыран шабуылының қаупі тек Ираннан ғана емес, Ливандағы Хезболладан, Газа секторындағы ХАМАС-тан, Йемендегі хуситтерден, Сириядағы және Ирактағы ирандық позициялардан туындап тұр.

Израиль шабуылынан Газа секторында қырылған халық саны 36 379-ға жетті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.