$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2024, 00:30
Қоғам

Атырауда балабақшадан орын ала алмай жүрген ата-аналар шу шығарды

Құжаттары өтпеген ата-аналар қалалық білім бөлімің табалдырығын тоздырып жүр

Атырауда балабақшадан орын ала алмай жүрген ата-аналар шу шығарды
Фото: astanatv.kz

Атырауда балабақшадан орын ала алмай жүрген ата-аналар шу шығарды. Айтуларынша, оған биыл іске қосылған «Бірыңғай кезектілік» пилоттық жобасы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 6 баланың анасы Рысбике Нұғыманова «балаңыз бақшаға қабылданды» деген хабарлама келгенде балаша қуанған. Бірақ қуанышы ұзаққа бармапты. Бірыңғай база бір балаңыз 18-ге толып кетті деп, кезегін алып қойған.

 «Көп балалы ретінде санаттан алып тастаған. Артында 5 бала бар ғой. Ол санатқа қалай жатпаймын?  ЦОН-ға жіберді. Оған барып қараттық, бәрі бар. Бізді ЗАГС-ке жіберді, ЗАГС-ке барып бүкіл баланы қайтып қараттық. Обновление болмаған индигоға кірсем, қайтып отказ келіп тұр», - деді ата-ана Рысбике Нұғыманова.

Құжаттары өтпеген ата-аналар қалалық білім бөлімің табалдырығын тоздырып жүр. Бірақ ондағылар да еш көмектесе алмаған. Енді ақшасы барлар әлеуметтік желіде «бақшадан орын алып береміз» деген делдалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Кімнен көмек сұрарын білмей жүрген те ата-аналар ғана емес. Жеке балабақша басшылары да пилоттық жоба әлі шикі деп отыр. Бірізділік жоқ, салдарынан бала тіркей алмай отырмыз,- деп шырылдап жүр.

«Бізде үлкен проблема балабақшаға балаларды уақытылы алмағандықтан біз өзімізге балалардың қызметкерлердің жалақысын бере алмай отырмыз. Яғни келесі айға қарыз сұрап алып, аванс сұрап беріп отырмыз. Ата ана да жоғалтты, пилоттық жоба кесіренен, Біз де жоғалттық. Пилоттық сеңдей соғылықан ата ана қайда барарын білмейді, ақпаратты қайдан аларын білмейді», - дедң жекеменшік балабақша иесі Лаура Сұлтанова.

Бұл пилоттық жоба республиканың 8 аймағында іске қосылған. Бірақ кейбірі бас тартып үлгеріпті. Ал Атырауда ақпан айынан бері істейді. Базадағы түсініксіз жайттардан облыстың әкімдіктегілер хабардар. Проблемаларды біртіндеп шешеміз,- деп отыр. Минстрліктегілер болса, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды мақсат еткен мұндай жобаны соңына дейін жеткізбек.

 «Бұл жерде бұрынғыдай жемқорлық тәуекелі болмайды. Сол үшін әрине қарсылық бар. Бұрынғыдай өздерінің адамдарын, балаларын кіргізе алмайтын болғандықтан кейбір мекемедер министрікітң жұмысына қарсыласып отыр. Әрбір мәселе өз уақытымен шешіліп жатыр. Мүлде бала қабылданбай тұрса, проблема бар деп айтар едік», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру департаментінің бас сарапшысы Бақытгүл Иманбаева.

Айта кетейік, министрлік дерегінше, аймақта балабақшаға 6036 орын берілген. Қазірдің өзінде 3611 бала қабылданып, 600ден астамы құжаттарын тапсырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары