Денис Тен өліміне айыптылар кассациялық шағым түсірді

Azattyq Rýhy

Айыпты Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға сотталған

Денис Тен өліміне айыптылар кассациялық шағым түсірді
Фото: @denisten_academy

Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандар Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Іс судьяға берілді және кассациялық шағымды қарау 8 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталғандар А. Құдайбергенов пен Н. Қиясовтың мүддесін қорғайтын адвокат өтініші кассациялық саты өндірісінде. Кассациялық шағымды қарау 8.08.2024 сағат 10.00-ге тағайындалды, - деп хабарлады Жоғарғы Сот. 

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өлтірілген.

Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.