Ректорлар үздік талапкерлер үшін «төбелеседі» - Саясат Нұрбек

Azattyq Rýhy

Министр қосымша гранттар жайлы айтты

Ректорлар үздік талапкерлер үшін «төбелеседі». Осылай деген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балл жинаған, бірақ грантқа түсе алмаған талапкерлер тізімі ректорларға берілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әкімдіктер 2,5 мыңға жуық грант, жұмыс берушілерден 870 Грант, «Қазақстан халқы» қорынан тағы 870 грант бөледі. Біздің дарынды балаларымыздың барлық тізімі ректорларға тапсырылып, таңдайтын болады. Тіпті, ректорлар үздіктер үшін «төбелеседі», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Министрліктің мәліметінше, жоғары балл жинаған 10 607 талапкер грант алған жоқ.

Айта кетейік, алдағы жаңа оқу жылына бакалавр бойынша 78 мыңнан астам грант бөлінді.

Министр бұл тізімге ілінбей қалған, ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа түспегендерге не істеу керегін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.