$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа түспегендерге не істеу керегін айтты

Ол қосымша гранттар бөлініп жатқанын жеткізді

Министр ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа түспегендерге не істеу керегін айтты
Фото: istockphoto.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жоғары балл алып грантқа түсе алмай қалғандарға қандай мүмкіндік бар екенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа ілінбей кеткен түлектерге әлі де мүмкіндіктер көп. Қазіргі таңда бірқатар ірі ұйым өздерінің гранттарын ұсынып жатыр. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар 2 мыңнан астам грант бөлді. Kazenergy қауымдастығы, Яссауи атындағы халықаралық түрік университеті жыл сайын 500 грант бөледі. Жеке меншік қаржылық ұйым да 400 грант бөлді», - деді ол.

Министр атағандай, «Қазақстан халқына қоры» биыл 800 грант бөлген.

«18 жетекші университет ректорлық грант бөлді. 8-10 мыңға жуық қосымша грант беріледі», - деді Нұрбек. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#грант #ҰБТ