ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция бойынша нақты шешім 6 тамызда шығады
Жобаны министрлік ішінара қолдады
«Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Конституциясында белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында көзделген халықаралық нормалар мен қағидаттарды сақтауға міндеттенеді.Конституция нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кемсітпеудің салмақты және теңгерімді саясатын жүргізеді, оның негізінде қоғамда конституциялық кепілдіктердің, төзімділіктің және жанжалсыздықтың сақталуының орнықтылығын қамтамасыз ету міндеті жатыр», - дейді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, сондай-ақ, ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды, оның ішінде жынысына немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша.
«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, петиция бойынша ішінара қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, «жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен таратудан қорғау, сақтау» бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.Қазіргі уақытта, ғылыми зерттеулер жүргізу, мәселені егжей-тегжей зерделеп, оны реттеу бойынша тиімді тетіктерді пысықтау қажет», - деді ол.
Петиция бойынша нақты шешім 6 тамызға дейін петиция авторына ұсынылады.