Байжанов 2,7 млн теңге пара беру сәтінде қолға түсті (ВИДЕО)
Ол сот алдында жауап берді
«Алматы тазалық» коммуналдық кәсіпорнының басшысы А. Тоқтасынов пара алғаны үшін сот алдында жауап берді. Ол «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжановтан 2,7 млн теңге сомасында пара алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Істі Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты қарады.
«Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды. Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.
Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген үкімде.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.