Қытай ғалымдары қазақтың шығу популяциясын зерттеп, ең жақын 4 ұлтты атады
Мұны 200-ден астам геномның талдауы көрсекен
Қытай генетиктері Шыңжанда тұратын екі жүз этникалық қазақтың ДНҚ-сын талдады. Ғалымдар қазақ популяциясы орта ғасырдың аяғында Шығыс Азиядан (шамамен 39,7 пайыз), Батыс Еуразиядан (шамамен 28,6 пайыз), Сібірден (шамамен 23,6 пайыз) шыққан төрт ұқсас ұлт тобының араласуының нәтижесінде пайда болды деген қорытындыға келді. Бұл туралы Molecular Biology and Evolution журналында жарияланған мақалада жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақтар - түркітілдес халық, олардың саны шамамен 17 миллион адамға жетеді. Қазақстаннан басқа, қазақтардың едәуір бөлігі көрші елдерде - Қытайда, Өзбекстанда, Ресейде, Монғолияда және басқа елдерде тұрады. Атап айтқанда, Қытайдағы бұл халық өкілдерінің басым көпшілігі Шыңжанда тұрады, онда 1,25 миллионнан астам қазақ бар.
Қазақ популяциясының қалыптасу тарихын нақтылау үшін Фудан университетінің қызметкері Сюй Шухуа (Shuhua Xu) әріптестерімен бірлесіп Шыңжан аумағында тұратын осы этнос өкілдерінің 241 геномын талдады.
Біртектес маркерлерді (митохондриялық ДНҚ және Y-хромосомалар тізбегі) талдауға негізделген өткен зерттеулер қазақтардың генофондында Шығыс Еуразия мен Батыс популяцияларымен байланысты сызықтар бар екенін көрсетті.
«Бұл қазақ халқының генетикалық жағынан бір-бірінен алшақ орналасқан ата-баба топтарының араласуы нәтижесінде пайда болғанын растады. Жаңа талдау көрсеткендей, негізгі компоненттер кестесінде қазақ популяциясы Батыс Еуропа, Орталық Азия және Сібір, Шығыс және Оңтүстік Азия популяцияларының кластерлері арасында орналасқан. Сонымен бірге ол Сібір мен Шығыс Азия популяцияларына біршама жақын болды. Әр түрлі популяциялар арасындағы генетикалық қашықтықты салыстыра отырып, ғалымдар ұйғыр, қалмақ, хазарлар мен эвеналар қазақтарға ең жақын ұлттар деген қорытындыға келді», - делінген зерттеуде.