31.07.2024, 07:21
Қоғам
Түркістанда 68 жастағы қария қайталап қылмыс жасады
Ол өзгенің мүлкін қолды қылған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген айыппен бұрын сотты болған 68 жастағы күдікті қарияны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Анықталғандай, егде жастағы қария тал түсте олжа іздеп, күндізгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кірген. Яғни құлыптанбаған есік арқылы ұрлыққа түскен.
«Үйдің кіреберісінен құны 50 мың теңге тұратын велосипедті жымқырып, іздерін суытқан. Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды