$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2024, 08:17
Қоғам

Ақтауда шаяндар жаппай қырылып жатыр: блогер экологиялық апаттың себебін айтты

Бұл жағдай экологтар мен жұртшылықтың қатты алаңдаушылығын тудырды

Ақтауда шаяндар жаппай қырылып жатыр: блогер экологиялық апаттың себебін айтты
Видеодан алынған кадр

Ақтауда пирс маңындағы жартасты жолда судың түбінде шаяндардың жаппай жиналуы байқалады. Дауыл болмағанымен, бұл жұмбақ құбылыс жергілікті тұрғындар мен экологтарды алаңдатып отыр. Теңіз тіршілігінің жаппай қырылуының себебі неде? Блогер Азамат Сарсенбаевтың айтуынша, экологиялық апат жергілікті қарапайым балықшы кінәлі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жергілікті «балықшы» ашкөздікпен әр теңізге шыққан сайын 300-400 кг шаянды аулап алады. Ол аулаған өнімнің тек жартысын сатады, ал қалғанын өлі күйінде қайта теңізге тастайды.

«Бұрын балықшы шаяндардың өлекселерін қалалық жағажаймен жалғасқан каналға тастаған. Бірақ БАҚ-тағы дау-дамайдан кейін бұл әрекетін тоқтатып, енді уақыт пен күш жұмсағысы келмей, тонналаған өлекселерді пирстің астына тастайтын болған», - деп жазды блогер.

Бұл жағдай экологтар мен жұртшылықтың қатты алаңдаушылығын тудырды. Шаяндардың өлекселері жағалау суларындағы экожүйені бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға басқа да жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар мен экологтар билікті болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары