Солтүстік Кореяда жойқын су тасқыны тіркелді
15 адам қаза тапты, ел билігі 5 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялады
«Гаеми» тайфунының салдарынан Азияның бірнеше елінде нөсер жаңбыр мен су тасқыны тіркелді. Атап айтқанда, Филиппиннің кей жерлері, Тайвань халқы су тасқынынан зардап шегіп отыр. 27 шілдеден бастап Солтүстік Корея билігі де нөсер салдарымен күресуге мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
КХДР-да тайфуннан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды AP агенттігі. Солтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, КХДР Бас хатшысы Ким Чен Ын басшылығымен елдің солтүстік-батысында 5000-нан астам адам эвакуацияланған.
Солтүстік Корея мен Қытай шекарасында өзендегі су көлемі қауіпті деңгейден асты. Пхеньян 10 әскери тікұшақты, сондай-ақ эвакуациялау жұмыстарын жүргізу үшін теңіз және үкіметтік қайықтарды пайдаланып жатыр.