Лас пойыздар: «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары тексерісте ұсталды

Azattyq Rýhy

«Северный» өңірлік филиалының директоры қатаң сөгіс алды

Лас пойыздар: «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары тексерісте ұсталды
Фото: istockphoto.com

Жолаушылар ҚТЖ вагондарында тазалықтың жоқтығына жиі шағымданады. Осыған байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызмет көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті.

«Тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлер біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау анықталды. Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады», - деп хабарлады ҚТЖ.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына қатаң сөгіс жарияланды. 

«Жолаушылартасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралады. ҚТЖ кез келген бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстана отырып, жолаушыларды клинингтік қызметтер сапасыздығына, пойыздардағы тазалыққа байланысты басқа да сәйкессіздіктер, фактілерді фото, аудио және бейнематериалдарымен @Jolaushylar_tasymalyInstagram парақшасына (direct) немесе +7 776 714 5686 Ватсап-нөмірі бойынша жіберуге шақырады», - деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.