$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2024, 15:18
Қоғам

Алимент төлемеген тоғыз адамның бостандығы шектелді

Жалпы, Қызылорда облысында алимент төлемегендердің қарызы 380 млн теңгеге жеткен

Алимент төлемеген тоғыз адамның бостандығы шектелді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қызылорда облысында алимент төлемеген 9 адамның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақтың прокуратурасы хабарлағандай, құзырлы органдар араласқаннан кейін, биыл алты ай ішінде 155 жалғыз басты анаға жалпы сомасы 91 млн теңге алимент төленген.

«Алимент төлеуден жалтарып жүрген 147 адам әкімшілік қамауға алынып, айыппұл арқалады. Ал, істі дұрыс қарамаған 39 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлайды Қызылорда прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жалпы аймақта алимент төлемеген 18 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалса, он екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Үш адамға қатысты іс әлі тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары