$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2024, 12:27
Қоғам

Қазпошта Бас прокуратура анықтаған барлық заң бұзу фактілерін жойып, ескертулерін орындаған

Компания құқық қорғау органына тексеріс барысында жан-жақты көмек көрсеткен

Қазпошта Бас прокуратура анықтаған барлық заң бұзу фактілерін жойып, ескертулерін орындаған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Қазпошта» АҚ Бас прокуратура анықтаған заңбұзушылықтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, Қазпошта Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жоспарлы тексерісі барысында жіберілген барлық ескертуі мен ұсынымдарын түзеткен.

«Бүгінде Комитеттің «Қазпошта» АҚ-ға наразылығы мен ескертуі жоқ. Қазпошта тексеріс жүргізуге және заңбұзушылықтарды анықтауға жан-жақты көмек көрсетті. Анықталған фактілер бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді, олардың қорытындылары құқық қорғау органдарына берілді», - делінген Қазпоштаның жауабында.

Сондай-ақ Қазпошта жекелеген БАҚ пен мен кейбір белсенді желі қолданушылары таратқан «компания өз қызметкерлерінің құқықбұзушылықтарын қасақана және мақсатты түрде жасырғаны туралы» ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Бас прокуратураның жоспарлы тексерісінен кейін Қазпошта барлық өңірлік филиалда оқыту семинар-кеңесін өткізген.

Айта кетері, Қазпошта орталықта да, жергілікті жерлерде де құқықбұзушылықпен белсенді күресті жалғастырады. Ішкі тексерістер нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 396,7 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған. Барлық факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді, материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Естеріңізге салайық, 2023 жылғы мамырда Қазпошта Қазақстан Республикасының ұлттық пошта байланысы операторы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының қауіпсіздігі бойынша сертификаттаудың «Алтын деңгейін» алған. Қазпошта халықаралық және ішкі пошта жөнелтілімдерін өңдеу бойынша стандарттар мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігі және технологиялық процестер сияқты екі стандарт бойынша сертификатталған ТМД Пошта қызметтерінің ішінен алғашқысы болды.

«Қазпошта» АҚ компаниядағы құқықбұзушылықтар мен ұрлық фактілеріне қарсы белсенді күрес одан әрі жалғасатынын атап өтті.

25 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазпошта» АҚ қызметінде бірқатар заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қазпошта