«Өз анасына қол көтерген»: Шымкентте полицей қызметінен қуылды

Azattyq Rýhy

Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді

«Өз анасына қол көтерген»: Шымкентте полицей қызметінен қуылды
Фото: depositphotos.com

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.