19.07.2024, 10:01
Қоғам
Елімізде 3,5 миллионнан астам адам құмар ойын ойнай алмайды
Оның қатарында борышкерлер бар
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
3,5 миллионнан астам адамға құмар ойын ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев хабарлады.
Заңға енгізілген түзетулер оларды букмекерлік тұтынушы болу немесе казино ойнау мүмкіндігінен айырады. 3,5 млн адамның қатарында 90 000 мемлекеттік қызметші және күш ведомстволарының жүздеген мың қызметкері бар.
«Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған адамдарды және өздерін шектеген адамдарды құмар ойындарға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Тыйым салуды бұзатын мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер жұмыстан шығарылады», - деді вице-министр.
Қазір бұл норманы заңға тәуелді актілер деңгейінде іске асыру тетігі әзірленуде.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
