19.07.2024, 10:07
Қоғам
Түркияда туристер мінген кеме өртенді (ВИДЕО)
17 адам зардап шекті
Фото: видеодан скриншот
Мармарис жағалауында туристік кеме өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Eagles туристік кемесіндегі өрттің салдарынан 96 жолаушы мен алты экипаж мүшесі эвакуацияланды. Оқиға салдарынан 17 адам зардап шекті: 14 адам жеңіл жарақат алды, үшеуі ауыр жағдайда», - деп хабарлады Түркия Көлік министрлігі жанындағы Теңіз басқармасы.
Жиырма метрлік ағаш кеме сағат 16.00-де өртенді.
БАҚ-тың хабарлауынша, шетелдік туристер жанып жатқан кемеден секірген, жақын маңдағы яхталар, кемелер мен жағалау күзетінің экипаждары оларды құтқарған.
Өртенген кеме суға батып кетті, оқиғаны тергеу басталды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді