ШҚО бас экологы пара алды: Антикор тың деректер жариялады
Кәсіпкерлік субъектісі де қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев ұсталды. Сонымен қатар, лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектісі ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы әшкереленді. Ақшалай қаражат «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады Антикор.
Жалпы, соңғы 3,5 жылда Агенттік 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады.