Қазақстанда 4 журналист коронавирус жұқтырды
Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 3105 адамның (соңғы мәлімет) төртеуі журналист екені белгілі болды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
«Біздің мәліметімізге сәйкес, бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында 4 журналист бар. Олардың барлығы вирусты COVID-19 инфекциясы анықталған науқаспен байланысып, жұқтырып алған. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Есмағамбетов.
Бас мемлекеттік санитар журналистердің тұрғылықты жері, вирусты қызмет бабында жүріп жұқтырғаны туралы толық ақпарат берген жоқ.
Айта кетейік, 29 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3105-ге жетті. Қауіпті вирус жұқтырған 789 адам жазылып шықса, 25 адам көз жұмды.