Бас санитар: Коронавирус маусымдық аурулар қатарына өтеді
Айжан Есмағамбетова коронавирусты құс тұмауымен салыстырды
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды коронавирус инфекциясына қарсы өмір сүріп дағдылануға шақырды. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы маусымдық аурулар қатарына өтетінін хабарлады.
«Карантин тоқтаса да, коронавирус ешқайда жоғалып кетпейді. Бұл инфекция енді маусымдық аурулар қатарына өтеді», - деді Есмағамбетов.
Бас санитар коронавирусты 2009 жылы тараған құс тұмауымен байланыстырды. Айжан Есмағамбетова құс тұмауы әлі де ауада өмір сүріп жатқанын, тек адамзат оған қарсы қорғануды үйренгенін айтты.
«Коронавирус та құс тұмауы сияқты ауада қалады. Сондықтан біз вирус бар жерде өмір сүріп үйренуіміз керек. Яғни, әрбір адам күнделікті өмірінде вирус жұқтырмайтындай, сақтану шараларын жасап отыруға дағдылануы керек. Ал бизнес нысандары санитарлық шараларын үнемі қатаң ұстануы керек», - дейді Есмағамбетова.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан