29.04.2020, 14:13
Қоғам
Атырауда коронавирус жұқтырған жүкті әйел жазылып шықты
Болашақ ана мен баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ
Фото: inform.kz
Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, облыс бойынша КВИ жұқтырған 60 адам дертінен айығып шыққан. Олардың қатарында 23 жастағы жүкті әйел де бар екен. Бүгінде жүкті әйел жұқпалы стационардан облыстық ауруханаға «пневмония» диагнозымен ауыстырылды.
«Болашақ ана мен баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, сол себепті әйел инфекциялық стационардың жанынан жүргізілетін тиісті ем қабылдайтын болады», - деп түсіндірді жедел штаб.
Бүгінде Атырау облысында COVID-19-дан жазылғандар саны 60 адамға жетті. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны -131.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)