$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 13:50
Қоғам

Алматы облысында блок-бекетте полицейге 3 мың теңге пара ұсынған адам ұсталды

Ол Алматы қаласына өту үшін бұған дейін де бірнеше рет пара ұсынған

Алматы облысында тәртіп сақшыларына пара ұсынған күдікті ұсталды. Ер адам блок-бекетте қызмет етіп тұрған полицейге 3000 теңге көлемінде пара ұсынған. 

«Күдікті полиция қызметкеріне пара беру арқылы блок-бекеттен кедергісіз Алматы қаласына өтіп кетуді жоспарлаған. Дегенмен, өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара ұсынған 37 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азаматтың полицейлерге бірнеше рет пара ұсынғаны және тәртіп сақшыларының ескертулеріне мән бермегені анықталды. Осыған орай, полиция қызметкері жедел топты оқиға орнына шақырған», - деді Алматы облысы өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Әсет Карменов.

Тексеру барысында үш мың теңге көлемінде қаржы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-тармағына (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары