$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 15:22
Қоғам

Павлодар облысында төтенше жағдай режимін бұзған 109 адам қамауға алынды

206 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған

Павлодар облысында төтенше жағдай режимін бұзған 109 адам қамауға алынды
фото: 24.kz

Коронавирустың таралуын болдырмау, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің шешімімен 13 сәуірде Павлодар облысында карантин режимі енгізілді. Сондай-ақ төтенше жағдай жариялануына байланысты кейбір нысандардың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Успен ауданының ауылдарының бірінде сағат 17-30-да асхананың жұмыс істеу фактісі анықталды. Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптарды бұзғаны үшін адамдардың көп шоғырлануы бар нысандардың қызметін тоқтата тұрғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша 51 жастағы объект иесіне қатысты әкімшілік материал толтырылды. Сот шешімімен ауыл тұрғыны 10 АЕК айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзған және мемлекеттік орган белгілеген талаптарды сақтамаған 1 171 жағдай тіркелген.

«Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476 және 478-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 109 адам бес күннен 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды, 206 облыс тұрғынының әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, 712 адамға ескерту жасалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары