СҚО тұрғыны сирек кездесетін қаруларды заңсыз сақтаған
Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақтайтын облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
9 шілдеде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 бірлік түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді, - деп хабарлады полиция.
Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.