$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2024, 10:47
Қоғам

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтары Алматыда заңсыз жүр

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтары Алматыда заңсыз жүр
Фото: freepik.com

Алматы қаласында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

«Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлады прокуратура.

Әдетте, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары