Президент рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын өзгертті

Президент жарлығымен комиссияның екі мүшесі ауысты

Президент рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын өзгертті
Фото: © istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 шілдедегі жарлығымен президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комиссияның құрамынан сенатор Андрей Лукин мен заң ғылымдарының докторы, профессор Төлеш Қаудыров шығарылды. Олардың орнына комиссияға сенат депутаты Жанна Асанова мен заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова қосылды.

Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында қалғандар:

  • Марат Бәшімов – мәжіліс депутаты;
  • Ержан Жиенбаев – президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
  • Артур Ластаев – адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
  • Әсет Шыңдалиев – бас прокурордың орынбасары;
  • Теңізжан Жәнібеков – ҚАЖК төрағасы;
  • Жеміс Тұрмағамбетова – «Адам құқығының хартиясы» қорының атқарушы директоры;
  • Исидор Борчашвили – заң ғылымдарының докторы, профессор.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекетке сатқындық жасағаны үшін он сегіз жылға сотталған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұраған еді. Алайда комиссия оған кешірім жасаудан бас тартты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.