10.07.2024, 12:55
Қоғам
Қымбат көлік тасымалын ұсынып, жоғалып кететін алаяқтар ұсталды
Қылмыстық топтың бес мүшесі құрықталды
ІІМ қымбат автокөліктер мен түрлі тауарды жымқырумен айналысатын қылмыстық топтың бес мүшесін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көбінесе мұндай фактілер Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа өңірлерге тасымалдау барысында анықталды.
«Осыған байланысты ІІМ азаматтарға жүкті жөнелту және қабылдау барысында барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуды сұрайды. Хабарландыруда көрсетілген жүргізушінің нөмірін міндетті түрде тексеріп, онымен тасымалдау маршрутын талқылап, жеткізу мекенжайын анықтап алу қажет. Күдікті іс-әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», – деді департамент бастығы, ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Алаяқтар схемасы мынадай:
- Алаяқтар тапсырыс берушімен және жүк көліктерінің жүргізушісімен көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландыру бойынша хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады.
- Олар тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстырады.
- Екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды артады.
Көп оқылған
01.04.2026, 10:55
«Екі рет сараптама жүргізілді»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті неліктен психиатриялық ауруханаға жатқызылды
01.04.2026, 09:35
«Finsky Ice», «Сибирские морозы»: Семей тұрғыны гаражында спирт пен суды араластырып, ішімдік дайындаған
01.04.2026, 18:01
«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
01.04.2026, 09:12
Ақтауда ер адам түйесін көпқабатты үйдің жанына байлап қойған (ВИДЕО)